Қаңтардың 2014

«Жасөспірім-Көше» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

 

IM538

Ағымдағы жылдың 13 - 15 қаңтар аралығында ШҚО құқық қорғау органдармен «Жасөспірім-Көше» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізілуі басталды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер қылмысын ескерту және алдын алу, яғни құқыққа қарсы бағыттағы жасөспірімдер топтарын, есірткі және психотропты заттарды, алкогольдік ішімдік қолданатын кәмелетке толмағандарды, білім алудан бас тартатын жасөспірімдерді, сонымен қатар кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы әрекеттер жасауға тартатын ересектерді, кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдіктер мен темекі өнімдерін сату фактілерін анықтау және әшкерелеу. Түнгі уақытта көңіл көтеру  мекемелерінде жүрген кәмелетке толмағандарды  анықтау және мекеме иелері мен  ата-аналарына әкімшілік әрекеттегі  шаралар  қолдану.

Осыған байланысты, бөлім органдармен бірлесе отырып заңды өкілдерінің  ілесіп жүруінсіз  кәмелетке толмағандардың тұрғын, жайдан тыс жерлерде болуын, алкогольдік ішімдік ішетін кәмелетке толмағандарды анықтау, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдік және темекі бұйымдарын сату фактілерін анықтау бойынша әкімшілік полиция қызметінің жұмыстары күшейтіледі.

Рейдтік шаралар көңіл көтеру мекемелеріне заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз  түнгі уақытта сол жерлерде болатын  кәмелетке толмағандарды  анықтау мәніне тексеру жүргізілсін, ата-аналар мен осындай  мекеме  иелеріне әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылады.

 

ШҚО ІІД баспасөз қызметі




Әмбебап полицейлер қылмысты хабар түскеннен кейін 5 минут ішінде ашты

 

ugon 1Өскеменде жекеменшік автотұрақтан «Honda CRV» көлігін 15 жасар оқушы қыз айдап алып кетті.

Полиция қызметкерлері көлікті әуежай маңынан тауып, тоқтатпақ болғанда қыз жылдамдықты одан сайын үдете түсіп, Белоусовка ауылына қарай тартқан. Алайда көлік айдауды жете меңгермеген ол ақырында ағашқа соғылып, тоқтайды. Қасында тағы бір жігіт отырған. Сөйтіп екеуі көлігін тастап, жаяу қашады. Ақырында ұсталады.

Қазір мектеп оқушысына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оның сыбайласы уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Жасөспірім көліктің құлпын еш қиындықсыз бұзғанын, ал оталдыру әдісін интернеттен үйренгенін айтты. Қасындағы 22 жастағы жігіттің бұрын істі болғандығы анықталды. Оны оқушы қыз досым деп таныстырды.

 

 ҚазАқапарат




Біз әлеуметтік желілердеміз:

сайт бойынша іздеу

Кіру

Интерактивті сауал

 Келесi тест

Сіз өзiңiздiң учаскелік полиция инспекторыңызды бiлесiз бе?

(2031 дауыс)

59.7%
36.1%
4.2%
Loading...

ШҚО ІІД бастығының блогы

0000jakupov rt

Жарияланым күнтізбесі

< қаңтар 2014 >
Дс Сс Бс Жм Сб Жб
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

gossimvol-kz

pos2010kz

bansitekz

pravit kz

e-gov kz

gosyazwk kz

gosusl-kz

 

 mvd.gov.kz

Медиа-центр

1531393 

 

clock  clock